Тәртіп сақшылары Гран-Плас және Rue du Midi алаңдарына жақын жатқан бірнеше көшені жауып тастады. Гран-Пластан 300 метр жердегі Radisson Blue қонақ үйі қоршауға алынды. Арнайы қызмет өкілдері қонақ үйдің кіретін және шығатын есіктерін жапты. Қызметшілер мен онда тұрып жатқандар қонақ үйдің ішінде қалды.