Брюссельде Еуропалық Одақ пен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі басшыларының бірінші саммиті өтеді

Фото: muscatdaily.com

АСТАНА. KAZINFORM – Саммит бүгін Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің кезекті президенті ретінде бірін бірі ауыстыратын Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель мен Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің тең төрағалығымен өтеді, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі Арнұр Рахымбеков. 

Еуропалық Одақта атап өткендей, алдағы саммит – ЕО үшін Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі (ПШАМЫК) және оған мүше мемлекеттер, сондай-ақ ЕО-ның геостратегиялық серіктестері (Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн Корольдігі, Сауд Арабиясы Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті және Кувейт Мемлекеті) тығыз серіктестік орнату мүмкіндігі.

Талқылаудың негізгі тақырыптары – ортақ негізгі жаһандық сын-қатерлер экономикалық ынтымақтастық, оның ішінде сауда мен инвестиция, тұрақты энергетиканы дамыту және климаттық байланыстар және адамдар арасындағы байланыс бойынша одан әрі ынтымақтастықтың жолдары.

Еуроодақ пен Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің қарым-қатынастары 1989 жылы қол қойылған ынтымақтастық келісіміне негізделген, ол ЕО мен ПШАМЫК арасындағы экономикалық қарым-қатынастар, климаттың өзгеруі, энергетика, қоршаған орта және ғылыми зерттеулер салаларындағы ынтымақтастық бойынша тұрақты диалогты белгілейді.

Ынтымақтастық келісімі арқылы сонымен қатар тұрақты түрде жиналатын сыртқы істер министрлері деңгейінде ЕО-ПШАМЫК бірлескен кеңесі құрылды.

2022 жылдың ақпанында Брюссельде өткен Бірлескен кеңес барысында ЕО және Парсы шығанағы елдерінің сыртқы істер министрлері 2022-2027 жылдарға арналған Бірлескен ынтымақтастық бағдарламасын мақұлдады, бұл бағдарлама 2023 жылдың қазанында жаңартылды.

Бағдарлама нақты бірлескен іс-шаралар және көптеген секторлардағы ынтымақтастықты тереңдету белгіленген: сауда және инвестиция, климаттың өзгеруі, жасыл көшу, адамдар арасындағы бастамалар, терроризмге қарсы күрес.

2022 жылдың маусымында Луиджи Ди Майо Еуропалық Одақтың Парсы шығанағы елдеріндегі тұңғыш арнайы өкілі болып тағайындалды. Ол ЕО-ның Парсы шығанағы аймағындағы елдермен неғұрлым күшті, жан-жақты және стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға жауапты.