Брюсселде күдік тудырған көлік кесірінен бір ғимараттағы адамдар көшірілді

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюсселде фургон күдік тудырып, полиция әділ сот сарайының қызметкерлерін эвакуациялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі RTBF телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

«Ғимараттың жанында тұрған көлік күдік тудырып, эвакуациялау туралы шешім қабылданды», - деп атап өткен жергілікті полицияда. Фургонның тасалау орында тоқтап тұрғаны күдік тудырды. Оның ішінен мұз салынған төрт қорап табылды. Полиция көлік иесін анықтағаны хабарланады. Оқиға орнында полицейлер мен саперлер жұмыс істеуде.