"1949 жылдың 4 сәуірінен бері Трансатлантикалық альянс 12 құрылтайшы мүшеден өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істейтін 32 мүше елге дейін кеңейді" деп атап өтті блоктың баспасөз қызметі.
НАТО өзінің мерейтойын 4 сәуір күні Брюссельдегі штаб-пәтерінде және Құрылтай шартына қол қойылған Вашингтонда 9-11 шілдеде атап өтеді.
Бүгін Еуропа астанасында НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері, соның ішінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Э.Блинкен бас қосады.
Жоспарланғандай, НАТО Бас хатшысы Й.Столтенберг символикалық түрде шоколадты тортты кеседі, ал Бельгияның Әскери-әуе күштері мен Нидерланд Әскери-теңіз күштері оркестрі НАТО-ның «Esprit de Corps» әнұранын және Стивен Спилбергтің Екінші дүниежүзілік соғыс туралы «Қарулас бауырлар» шағын сериалындағы музыканы орындайды.