Брюсселдегі гүлді кілем (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия жеріне жұмысшы түрік эмигранттарының табаны тигеніне 50 жыл толуына орай, Брюссель қаласындағы Ескі базар алаңында таңғажайып гүлді кілем жасалды, деп хабарлады muslim.kz.

Ұзындығы 75 метр, ені 25 метр болатын бұл алып кілемді өмірге әкелу үшін 100-ден астам жұмысшы атсалысқан. Брюссель қаласының мэрі Ивэн Майор 15-шілде күні гүлді кілемнің ашылу салтанатында бұл шараның екі ел достығын нығайта түсіп, мәдениетаралық көпір болатынын тілге тиек еткен болатын.

Айта кетейік, Ратушный алаңын гүлмен безендіру үрдісі сонау 1986 жылдан бері жалғасып келеді. Дегенмен, осы кезге дейін бұл алаңға жайылған гүлді кілемдердің көлемі 24х77 болып келетін еді. Ал, кілемдердің өмір сүру ұзақтығы 2-3 күнге созылады. Түрік кілемінің бұл алаңға шығарылуы биыл тұңғыш рет орын алып отыр.