Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Біржан Сайлауұлы 1994 жылы 7 қаңтарда СҚО Аққайың ауданы Рублевка ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Мәскеу қаласында Ұлттық бизнес институтын бiтiрген.
Еңбек жолын 2013 жылы СҚО бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде заңгер көмекшісі қызметінен бастаған.
2016-2018 жылдары — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ бас маман;
2018-2019 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң техникалық реттеу және нормалау басқармасының сарапшысы;
2019-2021 жылдары — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ бөлiм басшысы;
Осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.
Бұған дейін Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болған Әділбек Әубәкіров 4 қазан күні өз еркімен қызметінен кетті.