Бішкек мэрінің бұрынғы орынбасары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

Фото: Кабар

АСТАНА. KAZINFORM – Бішкек мэрінің бұрынғы орынбасары Жамалбек Ырсалиев уақытша ұстау изоляторынан кепілмен босатылды, деп хабарлайды Kazinform Кабар-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін Бішкек қаласы әкімінің орынбасары Ю.Ж.С-ға қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. 

Осыған байланысты 16 шілдеде жиналған материалдар мен қозғалған қылмыстық іс аясында Ы.Ж.С. және азамат В.Н.А. ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, тергеу барысында әкімнің бұрынғы орынбасары кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген шығынды толығымен өтеген. 

Соған сай 18 шілдеде Бірінші Май аудандық соты Ю.Ж.С.-ға қатысты және В.Н.А. тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы ұйғарым шығарды. 

Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар айыпталушыға қатысты түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. 

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қырғызстан Тәжікстан және Өзбекстанмен шекараның түйісуі туралы шартты ратификациялағанын жазған едік.