«Электр станциялары» ААҚ – «Бішкектеплосет» филиалының директоры Ұран Райымбеков бүгінде жылу берілмеген бірде-бір үй немесе мекеме жоқ екенін айтты.
Оның айтуынша, кешке дейін барлық тұтынушыларға ыстық су беріледі.
– Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көптеген азаматтар ыстық суды өшіргеннен кейін су жылытуға арналған бак қосты. Содан суық судың қысымы ыстық суды итеріп, қиындық пайда болады, - деді ол.
Райымбеков, сондай-ақ, қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Күннің соңына дейін барлық абоненттер ыстық сумен қамтамасыз етіледі», - деп қорытындылады «Бішкектеплосет» басшысы.
Ол, сондай-ақ, ірі коммерциялық ұйымдарда әлі жылу мен ыстық су жоқ, бірақ мамандар жұмыс істеп жатқанын баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2 ақпанға қараған түні Бішкек ЖЭО-да апат болып, қондырғылар істен шыққан болатын.