Олар қылмыстық кодекстің 278-бабының 3-бөлігі бойынша (Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, сондай-ақ азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақыру) ұсталды. Бұл туралы Facebook-те адвокат Замир Жолдошев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Махаббат Тәжібекқызы, Сапар Аманбеков, Азамат Есенбеков, Сайпидин Сұлтаналиев, Ақтилек Қапаров, Тыныстан Асыпбеков, Мақсат Тәжібекуұлу, Жоодар Бузумов, Жұмабек Тұрдалиев, Айке Бейшекеева және Ақыл Орозбеков тұтқындалды.
БАҚ өкілдерінің барлығына, адвокат атап өткендей, қылмыстық бап бойынша бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.