Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаппай улану салдарынан 21 адам зардап шеккен. Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 15 адам жатқызылды. Оның ішінде 2 бала бар. Қалған 6 адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр.
«Тергеу кезінде санитарлық және микробиологиялық зерттеулер үшін дайын шаурма үлгілері, ингредиенттер мен жағындылар алынды», - делінген хабарламада.
Анықталған заңбұзушылық бойынша фастфуд сататын орындарға 72 мың сом айыппұл салынып, заңбұзушылық жойылғанға дейін жабылды.