Бішкектегі республикалық патологоанатомия бюросы ғимаратына полицияның сүйемелдеуімен жедел жәрдем көлігі кірді.
Олар арнайы операция кезінде қаза тапқан Қамшы Көлбаевтың денесін әкелгені хабарланды.
Кейін мәйітхана аумағына тағы бір жедел жәрдем көлігі кірді. Кім әкелінгені туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін бұл аумақты полиция қоршауға алған болатын.
Ғимараттан бөгде адамдардың бәрі шығарылды. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен барлау қызметкерлері жүр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін қылмыстық топтың басшысын ұстау бойынша арнайы операция жүргізілген болатын.
Атыс кезінде Қамшы Көлбаев қарсылық көрсетіп, ҰҚК арнайы жасағының күшімен көзі жойылды.