Бішкекте көпқабатты үйде жезөкшелер ордасын ұйымдастырған әйел ұсталды

Бішкекте жезөкшелік пен азғындыққа қатысы бар деген күдікпен әйел адам ұсталды. Бұл туралы Kazinform kabar.kg-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: kabar.kg

Ленин ауданы ІІБ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 30 қарашада ІІБ жедел қызметі «Питон-Бабочка» атауымен профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, Боконбаева көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде интим қызмет ұсынатын 2007 жылы туған А.М. мен 2006 жылы туған М.С. есімді кәмелетке толмаған қыздар ұсталды. 

Жезөкшелер ордасын ұйымдастырды деген күдікпен ІІБ-на 1987 жылы туған А.К. есімді азаматша жеткізілді. Тергеу қызметі ҚР ҚК 160-бабы (жезөкшелік пен бұзақылыққа қатысы бар) бойынша қылмыстық іс қозғады. 

ҚПК 96-бабына сәйкес 1987 жылы туған А.К. тергеу изоляторына қамалды. 

Қазіргі уақытта қалмыстық істі тергеу жүріп жатыр.