Бішкекте өтетін ЕАЭО отырысында үкімет басшылары қандай мәселелерді талқылайды

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі экономикалық дипломатия департаменті директорының орынбасары Нұрлан Арипов брифинг барысында Еуразия үкіметаралық кеңесі (ЕАЭО) отырысының күн тәртібіне тоқталды, деп хабарлайды Kazinform бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Оның айтуынша, 26 қазанда ЕАЭО елдері үкімет басшыларының кездесуі өтіп, күн тәртібінде 30-ға жуық мәселе қаралады.

Оның ішінде:

— 2030-2045 жылдар аралығындағы ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестердің негізгі бағыттары;
— ЕАЭО жұмыс мәселелері;
— ЕАЭО рейтинг агенттігін құру мәселесі;
— өнеркәсіп саласында кооперация жобаларын жасау.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттар пакетіне қол қою жоспарланып отыр.