Бішкекте өткен белбеу күресі турнирінде Қазақстан полицейі топ жарды

БІШКЕК. KAZINFORM – Бішкекте өткен белбеу күресі турнирінде Қазақстан полиция қызметкері жеңіске жетті.

Фото: Polisia.kz

12 елден келген 150-ден астам спортшы қатысқан жарыста 75 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы полиция департаментінің жылдам әрекет ететін арнайы жасағының инспекторы, полиция капитаны Арайлым Оразбай жоғары деңгейде өнер көрсетті. 

Polisia.kz-тің мәліметінше, Арайлым жарыс барысында Қырғызстан, Иран және Жапония спортшыларын жеңген. Ал финалда Өзбекстан палуанынан 3:1 есебімен басым түсіп, бірінші орынды иеленді. Осылайша ол екінші рет Азия чемпионы атанып, әлемдік додада еліміздің көк туын желбіретті.

Фото: Polisia.kz

Айта кетейік, «ARLAN» спорт клубының мүшесі Арайлым Оразбай бірқатар республикалық және халықаралық жарыста жоғары нәтиже көрсеткен. 

Еске салсақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, Арнайы операциялар күштерінің әскерилері қоян-қолтық ұрыстан 9 медаль олжалады