Бішкекте ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды

Бішкекте Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевтың төрағалығымен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды. Kazinform бұл туралы Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: kabar.kg

Кеңейтілген құрамдағы кездесу алдында министрлер шектеулі құрамда кездесті. 

Басқосу барысында кең ауқымды мәселелер, соның ішінде 2024 жылдың сәуір айында Минскіде ТМД Сыртқы істер министрлерінің келесі отырысын өткізуді талқылау жоспарланып отыр. 

Еске сала кетсек, Kazinform aгенттігі бұған дейін Владимир Путиннің ресми сапармен Қырғыз Республикасына баратыны туралы хабарлаған болатын.