Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының мәліметінше, Будённый көшесінде орналасқан көбінде шетелдіктер тұратын хостел маңында жаппай төбелес болған. Оған қатысқандар арасында үш шетелдік бар.
Шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан.
Оларға Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қазір Бішкек полициясының изоляторында қамауда отыр.
Дегенмен 17 мамыр кешке қарай хостелдің жанына әлгі шетелдіктерден «кек алып, сазайын беруге» кей мәлімет бойынша 300-ге жуық жас жиналған.
Тез арада әлгі үш шетелдік видео арқылы қырғыз халқынан кешірім сұрады.
Қазір су атқышы бар ішкі әскерлер 7 сәуір-Шу көшелерінің қиылысында тұр. Олар 7 сәуір көшесін солтүстік бағытта қоршауға алған.
Олардың оңтүстік тұсына сол сағаттың өзінде 1000-ға жуық адам жиналды.
Полиция тосқауыл қойып, тәртіпсіздіктің алдын алып жатыр.
Қоршауды бұзуға ұмтылғандарды ұстауда. Қазірге дейін 10 шақты адамды ұстап әкеткенін хабарлады 24.kg.