Бішкектегі Азия чемпионатында әйелдер күресінен Тыныс Дүбек жартылай финалға шықты

АҚТАУ. KAZINFORM – Бішкек қаласындағы Азия чемпионаты аясында әйелдер күресі жарыстары жалғасып жатыр. 

Фото: ҰОК

62 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының өкілі Тыныс Дүбек жартылай финалға шықты. Ширек финалда ол Тайбэй өкілі Хсин Пайды 9:2 есебімен жеңді. 

Жартылай финалдық кездесулер 9 сәуір күні өтеді. 

Өкінішке қарай, Жәмилә Бақбергенова ширек финалда үндістандық Харшита Харшитаға есе жіберді. 

Еске сала кетейік, грек-рим күресі шеберлері Азия чемпионатын 1 алтын, 3 қоламен аяқтағанын жазғанбыз.