Зардап шеккендермен бірге туыстары, сондай-ақ екі қырғыз дәрігері еріп барады. Олар президенттік ТУ-154 рейсімен ұшып кетті.
«Зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша барлық шара Қырғызстан Республикасы Президентінің жеке бақылауында болады. Емделуге баратын қызметкерлерді, олардың туыстарын және медицина қызметкерлерін Түркияға жеткізу үшін қаражат бөлінді», - делінген хабарламада.