«БТА Банк» АҚ басқармасының құрамында кадрлық өзгеріс болды
18:47, 23 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан «БТА Банк» АҚ ресми хатпен оның директорлер кеңесінің 2009 жылғы желтоқсанның 22-сіндегі шешімімен «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасарлары М.Сартбаевтың және М.Мұхаметқалиевтың өкілдіктері тоқтатылғанын KASE-ге хабарлады.
Бұл жөнінде KASE-нің баспасөз қызметі мәлім етті.