Лицензияның әрекеті ҚР Ұлттық банктің «БТА Банк» АҚ-на берілген банктік және өзге де операцияларды, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қызметтерді жүргізу лицензияның әрекетін тоқтату туралы» 2015 жылғы 23 маусымдағы №268 бұйрықтың негізінде тоқтатылды. БТА Банктің лицензияны ерікті түрде қайтаруы ККБ мен БТА интеграциясының мақұлданған жоспарына сәйкес атқарылды. 15 маусымда қос банк активтер мен міндеттемелерді бір-біріне бір мезгілде табыстау туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында БТА активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі ККБ-ға берілді, ал ККБ-ның проблемалық активтерінің бір бөлігі БТА-ға өтті. Активтерді және міндеттемелерді бір-біріне бір мезгілде табыстау туралы келісімнің шарттары бойынша, ККБ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес БТА және оның клиенттері арасындағы келісімдерде белгіленген барлық талаптарды сақтай отырып, міндеттемелерді толық көлемде орындайды.
17:16, 24 Маусым 2015
«БТА Банк» АҚ-ның банктік операцияларды жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 маусымнан бастап БТА-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне лицензияның әрекетін тоқтату туралы ерікті түрде берген өтініміне байланысты БТА-ның банктік операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды «Қазкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметінен.