2013 жылдың 17 шілдесінен бастап Банк Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Асхат Бейсенбаев тағайындалды. Ол 2011 жылдың қыркүйегінен «БТА Банк» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. 2000-2010 жылдары «Каспий Банкі» АҚ және «Air Astana» компанияларында басқарушы позицияларда жұмыс істеген.
18:55, 22 Шілде 2013
«БТА Банк» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - «БТА Банк» АҚ Басқарма төрағасы Ерік Балапановтың өкілеттігі өз еркімен тоқтатылды. Мұндай шешімді Директорлар кеңесі қабылдады, деп хабарлайды Халықтық-IPO бағдарламасының ресми сайты банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.