«Біз активтерді қайтару процесі және М.Әбіләзовқа қарсы сот тексеруі алдындағы бұл маңызды қадамды қуаттаймыз. Қамауға алу оның активтерді жүзеге асыру мүмкіндігін шектейтіндігіне және заңсыз сатылған активтерді кері қайтаруға, сонымен қатар банктен жасырған активтерді ашуға мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз», - деді банк басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Николай Варенко.
Оның атап өтуінше, айыптаудың үш тармағы бойынша да кінәлі деп тану және 22 айлық мерзімге қамауға алу туралы шешім М.Әбіләзов тарапынан алған заң бұзушылықтардың өте күрделі екендігін білдіреді.