БТА банкі ұрланған 2 миллиардқа жуық доллар қаржының бір бөлігін 2011 жылы қайтаруға үмітті - банк басқармасының төрағасы
Мұндай ұрланған мол қаржыны толық көлемде қайтару тәжірибеде болмағандығын тілге тиек еткен ол аталған қаржының 20 пайызы қайтарылса да дұрыс болады деген шетелдік консультанттардың пікіріне сүйенді. Сонымен қатар банк төрағасы талаптардың Қазақстанда ұсынылмағандығын айта келіп, «олар оффшорлық компаниялар тіркелген әрі осындай қаржыны жиі алушы болған Лондонда, Британ Виргин аралдарында ұсынылды және біздің жауапкерлеріміз де қазір сол жерде», деді.
Оның пікірінше, осыған байланысты тараптар арасындағы даудың жиі туындауынан заңдық процестің ұзаққа созылатын түрі бар. Шетелдік консультанттардың пайымдауынша, жедел нәтиже шыға қоюы неғайбыл. «Біз қандай да бір нәтижелерді келесі жылдың соңында, тіпті одан да кейіннен күтеміз. Бұл жерде сабырлық сақтау керек», деді Ә.Сәйденов.