"Коммерсант" газетінің жазуынша, сәрсенбі күні РФ ІІМ қызметкерлері белгілі ұлтшыл Александр Поткинді (Белов) қолға түсірді. Полиция оны ұстаудың қоғамдық қызметпен еш байланысы жоқ екендігін мәлімдеді. Ол БТА-банкі салымшысынан 5 млрд. доллар қаражат жымқырғаны туралы қылмыстық істі тергеу шеңберінде құрықталды. Тергеу Поткин өз сыбайластарымен банктің бұрынғы иесі Мұхтар Әбіләзовтің атынан бірнеше жыл бойы Мәскеу маңындағы жер учаскелері түрінде қаржы құрылымынан заңсыз шығарылған активтерді басқарып келген.
13:11, 16 Қазан 2014
БТА Банктен 5 млрд. доллар қаражат жымқырған М. Әбіләзовтің сыбайласы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - БТА Банктен 5 млрд. доллар қаражат жымқырған Мұхтар Әбіләзовтің сыбайласы Мәскеуде ұсталды.