Ол сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 3-бөлімінің «а», «б»-тармақтары, 193-бабының 3-бөлімінің «б», «в»-тармақтары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қылмыстық қудалау органы Е.Қосаевты 2005 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында әрекет ете отырып, «БТА Банк» АҚ-ның ақшалай қаражатын ірі мөлшерде ұрлағаны, кейіннен оларды заңдастырғаны үшін айыптауда.
Қылмыс жасаған соң Қосаев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрді, сондықтан бірнеше жыл мемлекетаралық іздеуде болды. Оны ресейлік құқық қорғау органдары Брянск қаласында ұстады.
Екі елдің Бас прокуратураларының жақсы жолға қойылған жұмысының және тиімді өзара іс-қимылының нәтижесінде Қосаевты Қазақстанға беру туралы шешім қабылданды.
Бүгін, 21 қыркүйекте Республика Бас Прокурорының нұсқауы бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қосаевты Ресейден Қазақстан аумағына алып келді және ол Астана қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізілуде.