Бүгін Сенатта тілшілер Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлерді елге қайтару шешімін кім қабылдайтынын сұрады. Өз кезегінде Сұлтан Қамалетдинов бұл сұрақты БҰҰ Бас хатшысына жолдау керек екенін айтты.
- Атап айтқанда, бұл контингент БҰҰ хатшылығына бағынады. Оларды эвакуациялау немесе басқа жерге көшіру мәселелерін БҰҰ хатшылығы мен осыған тікелей жауапты қолбасшы шешеді, - деді ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.
Еске салсақ, 2024 жылы наурыз айында қазақстандық бітімгерлерді Голан биігіне шығарып салу рәсімі өтті.
Бұған дейін хабарланғандай, БҰҰ Қазақстанға бітімгерлік миссияға жылына 5 млн доллар төлем жасайды.
Бұдан бөлек, Голан жоталарынан оралған қазақстандық бітімгерлер қызметін қайда жалғастыратыны мәлім болды.