Тайфун 200 үйді қиратып, 169 мыңнан астам үйді зақымдады, тағы 64 800 үйді су басты. 80 600 гектардан астам күріш және басқа да егістік алқабы су астында қалып, 21 мыңнан астам мал мен 500 мыңға жуық құс қырылды.
Тайфун көптеген қоғамдық инфрақұрылым нысандарын зақымдады. Су тасқыны мен көшкін 7500-ден астам жолды жауып тастады.
Билік залал көлемін бағалауды, маңызды қызметтерді қалпына келтіруді және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.
Алдын ала экономикалық шығын 12,8 триллион донгқа (шамамен 518 миллион доллар) бағаланды.
Бұған дейін Вьетнамда «Буалой» тайфуны 34 адамның өмірін қиғаны хабарланған болатын.