НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик Атланта (АҚШ) ATP турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Рейтингте 71-орында тұрған А.Бублик бірінші айналымда әлемнің57-ракеткасы, америкалық Рейлли Опелкамен кездесті.
Бірінші партиядаесеп 3:3 болған мезетте америкалық теннисші брейкжасап, бой бермей кетті – 6:3.
Екінші сетті Опелкабірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен А.Бубликқарымта қайырумен бірге өзі алға шықты – 4:3. Ақыры тай-брейкке ұласып, ондаамерикалық спортшы жеңіске жетті – 7:6 (7:1).
Бәсеке 1 сағат 21минутқа созылды.
Опелка ширекфиналға шығу үшін осы жарыстың бірінші, әлемнің 14-ракеткасы,отандасы Джон Изнермен шеберлік байқасады.
А.Бублик өткен жексенбі күні Ньюпорт турнирінің финалында дәлосы Д.Изнерден ұтылғанеді.
Ескесала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Юрмала турнирін жеңіспенбастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).