Бублик US Open турнирінде қарсыласына есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик US Open турнирінің төртіншіайналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 75-орында тұрған А.Бублик үшінші айналымда әлемнің 70-ракеткасы, испаниялық Пабло Андухармен күш сынасты.

Қазақстандықтеннисші биыл 22-ге толса, тәжірибелі қарсыласы 33-те еді.

Бірінші партияда есеп 5:4 болған мезетте испаниялық теннисші брейк жасап кетті – 6:4.

Екінші сете П.Андухар брейкпен алға шықты – 4:2. Ақыры сол басымдылығынан айырылған жоқ –6:3.

Үшінші партиядаа А.Бублик брейк жасай алды – 2:0. Әйтсе де испаниялық теннисші бұдан соң қатарынаналты геймді өз есебіне жазды – 6:2.

Бәсеке екі сағатқа созылды.

П.Андухар төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, франциялық Гаэль Монфис немесе рейтингте 33-сатыдағы канадалық Денис Шаповаловтың біреуімен шеберлік байқасады.

Өткен жылы А.БубликUS Open жарысына қатысқан жоқ. Ал биыл үшінші айналымға дейін жетті. Демек, осы дода мәреге жеткеннен кейін оның рейтінгісі жоғарылайтыны анық.

Осылайша жекелей сында Қазақстаннан АҚШ ашық чемпионатында ешкім қалған жоқ.

Ескесала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның US Open турнирінде жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.