«Ертіс орманы» резерватының әкімшілігінен хабарлағандай, № 1 бақылау-өткізу бекеті Садықащы ауылы бағытындағы жол мен «Ғабдул Уахит Хазірет» туристік бағытына орнатылса, № 2бекет Жаңауыл ауылындағы Бауыртал орманшылығы аумағында бой жұмыс істемекші.
— Резерватқа келушілерден кіру ақысын алу ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 38-бабына және жеке тұлғалардың Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару қағидаларына сәйкес келеді. Тұрғындар мен туристерге қолайлы болуы үшін төлемді QR-код арқылы онлайн жасау мүмкіндігі қарастырылған. Төдем түбіртегін бақылау-өткізу пунктінде көрсету міндетті, — деп мәлімдеді резерваттан.
Резерват аумағында орналасқан елді мекендердің жергілікті тұрғындары тиісті құжатын (тіркеуін) көрсеткен жағдайда кіру ақысынан толық босатылады.
Еске сала кетейік, Ертіс орманында сирек кездесетін түйесіңір өсімдігі табылды.