Бұдан былай емханаларға тек ХҚКО арқылы ғана тіркелуге болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шілденің бірінен бастап Қазақстанда емханаларға тіркеу Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады Бұл туралы ҚазАқпарат «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шараемханалардың өкілеттігін асыра пайдалануына жол бермеу мақсатында қолға алыныпотыр. Өйткені, елімізде тұрғындарды «сырттай» тіркеу фактілері бары жасырынемес. Бұрын заң бұзушылық болған-болмағанын анықтау үшін адамдардың қолтаңбасынсалыстырып, құжаттарды тексеру қажет болатын. Қазір қызмет автоматтандырылды,сондықтан бұдан былай оны тексеру қиындық тудырмайды.

«Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиеваныңайтуынша, аталған шара азаматтар үшін қосымша тосқауылдар тудырмауы тиіс.Керісінше, тіркеу процесін ашық, объективті жүргізуге мүмкіндік береді.

«Халыққа қызметкөрсету орталығында кезекке тұрудың қажеті жоқ. Онда өзіне-өзі қызмет көрсетугеарналған бұрыштар бар. Арнайы мамандар электронды цифрлық қолтаңбаныпайдаланып, емханаға тіркелуге көмектеседі. Ал, егер цифрлық қолтаңбаңыз болсаешқайда бармай-ақ, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы да тіркелугеболады», - деді Забира Оразалиева.

Басқарушыдиректордың сөзіне сүйенсек, қор басшылығы тіркеу процесін емханақызметкерлерінің араласуынсыз ұйымдастыру мақсатында осындай қадамға барыпотыр. Өйткені, емхананың тіркеу бөлімі тіркелу үшін мекенжай анықтамасын,тіпті, анализ тапсыруды талап еткені жайлы арыз-шағым болған еді. Шын мәнінде,тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердің атына жазылған өтініштен басқақұжат қажет емес.

«Тіркелудің өзіндіктәртібі бар. Үйге дәрігер шақыру, «төртінші» санат бойынша жедел жәрдем шақыруүшін аумақтық принцип сақталуы қажет. Мысалы, егер сіз тұратын ауданда үш емханаболса, соның кез-келгенін таңдай аласыз. Бірақ біз үйге жақын маңда орналасқанемхананы таңдауға кеңес береміз. Бұл қажет болған кезде учаскелік дәрігердіңүйге тез жетуіне, тиісінше көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Әдетте, өзучаскесіндегі пациенттердің денсаулық жағдайын учаскелік терапевт жақсыбіледі», - дейді МСҚ басқарушы директоры.

Естеріңізге салакетсек, азаматтар өзі тұратын микроучаскеден тыс жердегі емханаға да тіркелеалады. Жан басына шаққандағы норматив бойынша, мұндайда дәрігер шақырту бойыншанауқастың үйіне барып қызмет көрсетуге міндетті.

«Былтыр арнайыбұйрыққа өзгерістер енгізілген болатын. Азаматтардан «үйге дәрігер шақыруқызметінен бас тарту» туралы өтініш жаздырып алуға емханалардың құқы жоқ.Мұндай заң бұзушылықтар болып жатса қор міндетті түрде араласады. Егер өзіңізтұратын микроучаскеден тыс орналасқан емхананы таңдасаңыз, аталған емдеумекемесі сізге бастапқы медициналық-санитарлық қызметтің барлық түрлерінкөрсетуге міндетті. Ал, төртінші санаттағы шақыртулар бойынша сіз тұратынаудандағы емханамен қосымша келісімшарт бекітуі тиіс. Сонда қажет болғанжағдайда, жедел жәрдем тіркелген емханадан емес, жақын маңдағы емханаданкеледі», - дейді З.Оразалиева.

Соңғы жаңалықтар