АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай өзінің жеңісіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Санжар Тәшкенбай барша қазақ еліне қолдағаны үшін алғысын айтты.
«Алланың қалауымен бүгін жеңіске жеттік. Барша қазақ еліне қолдағаны үшін рахмет. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Бұйырса, үлкен шыңдарды бағындырамыз. Өзімнің бапкеріме, командама, ата-анама, бауырларыма алғыс айтамын», деді С.Тәшкенбай.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Дулат Бекбауов та алғысын білдіріп, қолынан келгенінің бәрін жасағанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бүгін Ташкентте Санжар Тәшкенбай мен Дулат Бекбауовтың алтынға таласатынын жазған едік.
Санжар Тәшкенбай Ташкентте бокстан әлем чемпионы атанды.
Дулат Бекбауов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).