Бұдан жиырма жыл бұрын Куәйтте жоғалған Пабло Пикассоның картинасы Ирактан табылды

КАИР. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Бұдан жиырма жыл бұрын Куәйтте жоғалған Пабло Пикассоның «Жалаңаш әйел» картинасы Ирактан табылды,

деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.

«Асуат әл-Ирак» басылымының бүгін хабарлағанындай, құны 10 млн. долларға бағаланатын полотно Бабиль уәләятындағы Әл-Хилл қаласындағы жеке үйлердің бірінде болған. Бұл шығарма 1990 жылы Ирактың Куәйтке басып кіруі кіру кезінде куәйт мұражайынан ұрланған болатын.

Полиция 19 жыл бойы іздеп ештеңе шығара алмаған еді, енді сурет Бағдадтан 100 шақырым жердегі бір үйден табылып отыр.