Полиция бірнеше жас мигрантты қамауға алып, оларды елдің шығысында босқындарды қабылдау орталықтарына дейін жеткізетін пойыздарға күштеп салған көрінеді, деп хабарлайды Би-би-си.
Мигранттар Келети вокзалының маңында наразылық шарасына шықты. Олар қолдануға мүмкіндік берілмей отырған жол жүру құжаттарына жүздеген еуро жұмсағандарын айтып, шағымданған.
Венгрия билігі өз әрекетін мемлекеттік шекараларды қорғау міндеттемелерін орындауға талпынысымен түсіндіруде.
Еуроодақтың барлық елдері қол қойған Дублин келісіміне сәйкес, босқындар ЕО-ға келген бірінші елден пана табу өтінішін білдіруге міндетті болып табылады.