АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирдің екінші күнінде қазақстандық балуандар бір алтын, екі қола медаль алды.
Бұл жүлделерді әйелдер күресінің шеберлері қоржынға салды.
Рейтингілік турнирде 72 келіде финалда сынға түскен Жәмила Бақбергенова мажарстандық Ноеми Сзабадосты 12:11 есебімен жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Аталған салмақта 3-орын үшін белдесуде Гүлмарал Еркебаева украиналық Ирина Заблоцканы 4:1 есебімен қапы қалдырып кетті.
Ал 59 келіде 3-орын үшін белдесуде Диана Каюмова тағы бір отандасымыз Ирина Кузнецованы 6:4 есебімен осал тұсын тапты.
Айта кетсек, жарыстың алғашқы күні, 6 маусымда ел құрамасынан Әлішер Ерғали (97 келі) алтын, Юсуп Батырмырзаев (125 келі) күміс, Ризабек Айтмұқан (97 келі) қола алған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.