Бірегей мұнара Будапештте 25 мамыр күні Әулие Иштван базиликасына қарама-қарсы орнатылды. Тарихи собордың биіктігі - 96 метр.
Пластикалық мұнараны оқушылардан бес мыңнан астам ерікті небәрі соңғы бес күннің ішінде тұрғызған, деп хабарлады Mignews . Мұнара 500 мыңнан астам Lego кірпішінен тұрады. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
Осыған дейінгі рекорд Делавэр штатында Миллтаундағы Дикинсон орта мектебінің оқушыларына тиесілі болатын. Олардың мұналарының биіктігі - 34,43 метр.