Будапештте серуен кемесі аударылып, 7 адам қаза тапты, 16-сы із-түзсіз жоғалған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Будапешт қаласының орталығында, Дунай өзенінде серуендеу кемесі аударылып жеті адам қаза тапты. Бұл туралы бейсенбі күні Reuters хабарлады.

Кеме бортында 30-дан астам адам болуы мүмкін.

Бұдан бұрын үш адамның қаза тапқаны және 16-сының із-түзсіз жоғалғаны хабарланған болатын. Ал 14 туристі құтқарудың сәті түсті.

Венгрия құтқару қызметінің ақпаратына қарағанда, зардап шеккендердің көпшілігі шығысазиялық елдердің азаматтары, басым бөлігі ҚХР-ден.

Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, бортта Оңтүстік Кореяның үш азаматы болған. Құтқару қызметінің хабарлауына қарағанда, Дунайда, Венгрия парламенті маңында екі серуендеу кемесі соқтығысқан. Ауа райының қолайсыздығы құтқару жұмыстарын қиындатып отыр.