Будапештегі тарихи жеңіс: Грузия дзюдодан алғаш рет алтын медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM — Грузия құрамасы финалда Оңтүстік Кореяны жеңіп, аралас командалық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленді. Бұл – ел тарихындағы тұңғыш осындай жетістік, деп жазды Euronews.
2025 жылғы дзюдодан әлем чемпионатының соңғы күні Будапештте (OTP Bank Judo World Championships) аралас командалар арасындағы жарыспен аяқталды. Бұл — жай ғана жекпе-жек емес, бұл командалық рух пен дзюдоның нағыз құндылықтарының көрінісі.
Жартылай финалда Жапония құрамасы Грузияны жеңіп келе жатқан еді. Алайда жағдайды Гурам Тушишвили мен әлем чемпионы Этери Липартелиани түбегейлі өзгертті. Олар қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, Грузияны алға шығарды. Одан кейін Михаил Бахбахашвили иппон жасап, команданы жеңіске жетеледі.
Жапон спортшысы Утана Тэрада қарсылық білдіруге тырысқанымен, бәрін шешкен — Лаша Бекаури. Олимпиада финалының қайталануында Бекаури қайтадан жеңіске жетіп, Грузияны финалға алып шықты.
Екінші жартылай финалда Оңтүстік Корея Германияны 4:0 есебімен оңай жеңіп, финалға шықты.
Финал: Грузия – Корея. Бұл тек алтын үшін емес, ел абыройы үшін күрес.
Бірінші ұпайды Ли (Корея) алып келді — сенімді иппон. Алайда Этери Липартелиани есепті теңестірді — 1:1. Кейін Бахбахашвили мен Чантурия өз белдесулерін жеңіп, есепті 3:1-ге жеткізді. Финалдың нүктесін Лаша Бекаури қойды — алтын медаль Грузияға бұйырды!
– Біз – әлемдегі ең бақытты халықпыз! Бұл – Грузия тарихында алғаш рет! Біз — грузинбіз, біз — мықтымыз, — деді Грузия құрамасының мүшесі Лаша Бекаури.
Золотой трофейді Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер табыс етті, ал медальдарды ХОК мүшесі Филомена Фортеш және IJF халықаралық әріптестіктер жөніндегі директоры Макс-Эрве Джордж тапсырды.
Бұл Будапешттегі әлем чемпионатының нағыз жарқын әрі тарихи финалы болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлгенін жазған едік.