Будда күні: Моңғолияда діни рәсімдер мен мерекелік шаралар өтіп жатыр

Фото: Монцамэ

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолияда ай күнтізбесі бойынша жаздың алғашқы айының 15-күнінде Будда мерекесі тойланады, деп хабарлайды Монцамэ.

2025 жылы бұл күн 11 маусымға сәйкес келіп отыр.

Бұл діни мереке жыл сайын өзгеріп отырады, себебі ол ай күнтізбесі бойынша жаздың бірінші айының он бесінші күніне сәйкес келеді. Будда күні — Будданың өміріндегі үш маңызды оқиғаға арналған: оның дүниеге келуі, нирванаға (ағартушылыққа) жетуі және паринирванаға (яғни, бұл дүниеден кетуі) енуі.

Аталған күн буддистік Азия елдерінде 2000 жылдан бері тойланып келеді. 1999 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы Будда күнін халықаралық деңгейде атап өту туралы шешім қабылдады. Ал Моңғолия Парламенті 2019 жылы Мемлекеттік мерекелер мен салтанатты күндер туралы заңға өзгерістер енгізіп, Будда күнін ресми мемлекеттік мереке және демалыс күні деп бекітті.

Фото: Монцамэ

Бұл күні ел астанасында басты буддистік мерекеге арналған салтанатты шеру өтеді. Сондай-ақ елдегі барлық монастырда, соның ішінде моңғол буддизмінің орталығы саналатын Гандантэгчинлэн монастырында монахтар арнайы дұғалар, буддистік рәсімдер мен салт-жораларды орындайды және діни уағыздарымен бөліседі.

Осыдан бұрын Моңғолияда қой қырқу бойынша әлемдік сайыс және алғаш рет сүт фестивалі өтетінін жазған едік.