Буэнос-Айрес әуежайында өрт шықты
09:01, 13 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе айлағында болған жолаушылар әлеуметтік желілерде фотосуреттерімен және өрттің бейнежазбаларымен бөлісті.
Эсейс қаласындағы және Буэнос-Айреске қызмет көрсететін Министр Пистарини халықаралық әуежайында өрт шықты. Әлеуметтік желілер пайдаланушыларының хабарлауынша, өрт ұшыру-қону жолағының маңында далада болған. Өрттің себебі анықталуда, деп хабарлады Lifenews.