Электрмен және желдеткішпен жабдықталған тоннельді қазу үшін ұрылар жарты жылдай әрекеттенген. Банк ұяшықтарынан қанша көлемде ақша тоналғаны әзірге белгісіз болып тұр.
13:30, 04 Қаңтар 2011
Буэнос-Айресте белгісіз біреулер 30 метрлік жерасты тоннелі арқылы кіріп, банкті тонап кеткен
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында белгісіз біреулер банк қоймасына 30 метрлік жерасты тоннелі арқылы кіріп, жүзден астам банк ұяшықтарындағы ақшаны тонап кеткен, деп хабарлады Би-Би-Си.