Буэнос-Айресте Мессиге ескерткіш орнатылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина астанасында «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессидің ескерткішін орнатты, деп жазады Лента.ру.

Оның ашылу салтанатына Мессиден ұлттық құрамада қалуды сұраған Буэнос-Айрес мэрі қатысты.

Еске сала кетейік, Аргентина құрамасының лидері  халықаралық карьерасының тәмамдалғанын айтқан болатын. Бұл мәлімдеме АҚШ-та өткен Америка кубогының финалында аргентиналықтар Чили командасынан ұтылғаннан кейін жасалды.  Месси пенальтиден гол соға алмаған.