Буэнос-Айрестегі аптап ыстық 38-44 градусқа жетті
07:27, 30 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі аптап ыстық 38-44 градусқа жетті,
деп хабарлады "Азаттық".
Метеоролог Сильвия Гомес, «Буонес-Айрес пен астана маңындағы Росарио қаласына ыстық леп Антлантика мұхитынан келді. Мұхиттағы ауа қысымы артты»,- дейді. Ыстыққа шыдамаған қала тұрғындары субұрқақтарға шомылып жүр. Билік тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау туралы ескерту таратқан. Денсаулық сақтау министрлігі де, «ыстық тиіп ауырғанда бас айналатынын, жүрек айнып, тыныс тарылатынын», мұндай жағдайда дәрігерге қаралу қажеттігін айтуда. Метеорологтар аптап 30 желтоқсанға дейін жалғасады деп болжап отыр.