Ең қарт сайлаушыға белсенділік танытқаны үшін 62-ші сайлау учаскесі тарапынан ардагерге шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
«Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды күн. Бұл күн еліміздің болашағын айқындайды. Бұған дейінгі сайлаулардан да еш қалып көрген жоқпын. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бейжайлық танытпауы тиіс. Бүгін балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Бастысы, елімізде тыныштық, соның құнын білуіміз тиіс. Кандидаттарды таңдау үшін ойланып, саралап, өлшеп, екшеп, ел болашағы үшін таңдау жасадым»,-дейді 96 жастағы.
Сондай-ақ, Қазалы ауданына келіп тоқтаған №380 Орал-Алматы бағытындағы пойызының жолсеріктері мен жолаушылары теміржол вокзалындағы арнайы бөлмеде сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.