Сейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Көкшетау, Қостанай, Теміртау, Павлодар (1-дәрежелі), Петропавл, Риддер (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Өскемен (2-дәрежелі) және Шымкент қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.