Бүгін, сағат 7:00-ден бастап ҚР ІІМ Қарағанды академиясында № 67 жабық сайлау учаскесі жұмыс істей бастады. Оның жұмысы сайлаудың күнтізбелік жоспарына және учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Осы учаскеге тіркелген 130-дан астам сайлаушы дауыс беруге келеді деп болжануда.
Бірінші болып дауыс беруге Академия бастығы полиция полковнигі Ақынқали Дәрменов жұбайымен келді.
«Сайлау – кез келген қазақстандық үшін өте маңызды оқиға. Мен өзімнің азаматтық парызымды орындауға және дауыс беруге отбасыммен келдім. Менің әріптестерім мен академия курсанттары да өз таңдауын жасайтынына күмәнім жоқ», - деп сайлаудың маңыздылығын атап өтті академия бастығы.
Академия курсанттары да өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып бірінші курс студенті Рахат Қаныбеков келді. Бүгін Рахат 18-ге толып жатыр. «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес ол дауыс беру құқығына ие болды.
Дауыс беру рәсімінің алдында академия бастығы Ақынқали Дәрменов Рахатты салтанатты түрде құттықтап, сайлауда дауыс беру құқығына ие болу құрметіне естелік сыйлық табыс етті.
«Менің кәмелет жасқа толған күнімнің сайлаумен тұспа-тұс келгені мен үшін өте қуанышты жайт болды. Бүгін мен өз дауысымды бере аламын және еліміздің дамуына үлес қоса аламын. Біз сайлаған азаматтар Мәжілісте Қазақстан халқының мүддесін қорғайды деп сенемін. Жерлестерімді сайлау учаскесіне келіп, лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын», - деді Рахат Қаныбеков.