деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Олимпиаданы қабылдау құқығы үшін Чикаго, Рио-де-Жанейро, Мадрид және Токио қалалары таласып отыр. Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жака Роггенің айтуынша, «бәрін бірнеше дауыс шешеді».
Копенгагенде аталған төрт қаланы да мемлекет басшылары таныстыратын болады. Ресейдің бұрынғы президенті Владимир Путиннің үлгісімен, Халықаралық олимпиадалық комитеттің мінбесіне Америка президенті Барак Обама мен Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва және Испания Королі Хуан Карлос, Жапонияның жаңа премьері Юкио Хатояма шыққалы отыр.