Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашар болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 29 сәуірде Қазақстан қалаларында қалыптасатын атмосфералық ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, жұма күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қарағанды және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.