Бүгін 7 қалада ауа ластанады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің 7 қаласында жайсы метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 4 сәуірде Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтау, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.