аталған конкурста жеңімпаз атанған азаматтың есімі белгілі болмақ. Бұл туралы бүгінгі он-лайн конференциясы барысында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, 7-нші қысқы Азия ойындарының әнұранына жарияланған байқау комиссиясы Азиадаға дайындық жөніндегі дирекцияның негізінде құрылған. «Сондықтан байқаудың қорытындысын дирекциядан немесе Азиаданың ресми сайтынан білуге болады», - дейді Қ.Өскенбаев.
Айта кетейік, байқау тамыз айының 24-і күні жарияланған еді. Конкурсқа қатысушылардың өтініштері қазанның 10-ы күні аяқталды. Жалпы, байқауға Қазақстан аумағында тұратын кез келген азаматтың қатысуға мүмкіндігі болды. Елімізге танымал 8 әнші-композитордан тұратын әділқазылар алқасын «7-нші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ президенті Анатөлі Құлназаров басқарады.